Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Абай облысы бөйынша өкілі «Қоғамдық кеңестер: ашық диалог және тиімді коммуникация» тақырыбындағы семинарға қатысты

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Абай облысы бөйынша өкілі «Қоғамдық кеңестер: ашық диалог және тиімді коммуникация» тақырыбындағы семинарға қатысты
Шараға Абай облысы әкімінің орынбасары М. Раханов, облыстық қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері, сарапшылар мен белсенді азаматтар қатысып, қоғамдық кеңестердің қазіргі рөлі мен даму бағыттары талқыланды.
Бас қосудың басты мақсаты-қоғамдық кеңестер қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету, азаматтық қоғам мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы өзара ықпалдастықты күшейту, сондай-ақ қоғамдық бақылау мен тиімді коммуникация тетіктерін жетілдіру.
Іс-шара барысында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Абай облысы бөйынша өкілі Д.Жұмагелдин  ҰАТ қоғамдағы негізгі рөлі, басты міндеттері мен маңыздылығы туралы баяндап, азаптауға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлері туралы сөз қозғады.
  Сонымен қатар,семинарға қатысушыларға Үйлестіру кеңесінің хатшысы Р.П. Шердің және АҚҰО өкілі ҰАТ қызметі туралы бейнероликтері көрсетіліп, ҰАТ қызметі туралы қағаз буклеттер таратылды.