
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Абай облысы бойынша өкілдігі Семей қаласының № 27 және 35 мектеп оқушыларына жастар арасындадағы құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында дәріс өткізді. Дәріске метептердің 400 жуық жоғары сынып оқушылары қатысты.
Дәріс барысында адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары саласындағы заңнамалық новеллалар, оларды қорғау мен қалпына келтірудің практикалық тетіктері туралы түсіндірілді.
Сонымен қатар адам мен азаматтың 40 іргелі құқықтары бойынша да түсінік берілді.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл институты, оның негізгі міндеттері мен мақсаттары туралы да баяндалды.