
Сараптамалық кеңес өз қызметінде адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы, заңдылық, әділдік, бейтараптық, объективтілік, жариялылық, және транспаренттілік қағидаттарын басшылыққа алады.
Сараптамалық кеңестің мақсаты – адам мен азаматтың Қазақстан Республикасы Конституциясымен кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге, оларды сақтау мен құрметтеуге жәрдемдесу.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Абай облысы бойынша өкілі жанындағы Сараптамалық кеңестің қорытынды отырысы барысында Сараптамалық кеңестің 2025 жылы атқарған жұмыстары, солардың негізінде енгізілген ұсыныстар және сол ұсыныстардың орындалуы туралы талқыланды.
Сонымен қатар, Сараптамалық Кеңестің келесі жылға арналған жұмыс жоспары және Кеңес мүшелерінің жоспарға енгізуге жататын ұсыныстары да кеңінен қаралды.
Сараптамалық Кеңес отырысының соңында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Абай облысы бойынша өкілі Д.Жұмагелдин Сараптамалық кеңес мүшелеріне атқарған жұмыстары үшін алғыс білдіріп, естелік сыйлықтар табыстады.