Жарма ауданы полиция бөлімінің арнайы қабылдау орнына бару

Жарма ауданы полиция бөлімінің арнайы қабылдау орнына бару

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Абай облысы бойынша өкілі Д. Жұмагелдин Жарма ауданы полиция бөлімінің арнайы қабылдау орнында болды. Тексеру барысында мекеменің жұмысымен танысты. Танысу барысында мекеменің жалпы жағдайы, заң талаптарына сәйкестігі тексерілді. Сонымен қатар мекеме қызметкерлеріне адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары саласындағы заңнамалық новеллалар, оларды қорғау мен қалпына келтірудің практикалық тетіктері туралы және адам мен азаматтың 40 іргелі құқықтары бойынша да толық түсінік берілді.