Жарма ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына бару

Жарма ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына бару

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Абай облысы бойынша өкілі Д. Жұмагелдин Жарма ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына барып, аталған мекеменің жұмысымен танысты. Танысу барысында мекеменің жалпы жағдайы, заң талаптарына сәйкестігі тексерілді. Сонымен қатар мекеме қызметкерлеріне адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары саласындағы заңнамалық новеллалар, оларды қорғау мен қалпына келтірудің практикалық тетіктері туралы және адам мен азаматтың 40 іргелі құқықтары бойынша да толық түсінік берілді.