Мемлекеттік қызметшілер – бүкіл елдің қызметі арқа сүйейтін адамдар. Олар күн сайын мемлекеттік органдардың жұмысын қамтамасыз етіп, қоғам өміріне әсер ететін шешімдер қабылдап, Қазақстанның дамуына бағытталған тапсырмаларды жүзеге асыруда.
Олардың жұмысының арқасында тұрақтылыққа, әділдік пен тәртіпке жағдай жасалуда. Құжаттарды рәсімдеуден бастап, ауқымды мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға дейін азаматтардың өмірлік мәселелерін шешуге көмектесетін мемлекеттік қызметшілер. Олардың жұмысы жоғары жауапкершілікті, адалдықты және қоғамға қызмет етуге дайындылықты талап етеді.
Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілерге құрметпен қарауды қалыптастыру ерекше маңызды. Олар еңбектері, шыдамдылығы мен адалдығы үшін құрметке лайық. Олардың ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу – қоғам мен мемлекет арасындағы сенімділіктің кепілі.
Мемлекеттік қызмет – жай жұмыс емес, Отанға, халыққа қызмет ету. Азаматтар тарапынан қолдау мен түсіністік неғұрлым жоғары болса, біздің ортақ болашағымыз соғұрлым табысты дамиды.