Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Абай облысы бойынша өкілдігінің бас маманы Абай облысы Семей қаласының Отбасын және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қолдау көрсету орталығымен ұйымдастырылған "Мобильді топтардың жұмысын жандандыру: қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылар туралы тиімді сигнал беруді қалай жолға қою керек " тақырыбындағы семинар-жиналысқа қатысты. Семинардың мақсаты-мемлекеттік, құқық қорғау органдары, білім беру, денсаулық сақтау мекемелері мен әлеуметтік қызметкерлердің арасында тиімді әріптестік орнатып, қиын жағдайға тап болған отбасыларға уақытылы және кешенді көмек көрсету жолдарын талқылау. Семинар барысында өткен талқылау кезінде Ә.Боранбайқызы Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қалпына келтіру мәселелеріне кеңінен тоқталып, сондай-ақ өңіріміз бойынша келетін өтініштерді зерделеу нәтижелері туралы атап өтті.