Пенитенциарлық мекемеге бару өткізілді

Пенитенциарлық мекемеге бару өткізілді

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Абай облысы бойынша өкілі Д.Жұмагелдин ҚР ІІМ ҚАЖК №19 мекемесіне мониторинг жүргізді.

Барлық тұрғын үйлер мен шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлар тексерілді, ұстау жағдайлары, тамақ, медициналық көмек көрсетету орындары тексерілді. Сотталғандармен жеке әңгімелесу жүргізіліп, олардың негізгі құқықтары мен кепілдіктері түсіндірілді.

Сондай-ақ Уәкілдің қызметі, құқықтарды қорғау және шағым беру тетіктері туралы ақпарат берілді. Қатыгездіктің алдын алуға, медициналық көмекке қолжетімділікті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінді.

Мұндай сапарлар пеницитарлық жүйесіндегі құқықтық стандарттар мен адамгершілік қарым-қатынасты нығайтуға көмектеседі.