Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Абай облысы бойынша өкілі Д.Жұмагелдин Семей қаласы полиция басқармасының учаскелік полиция пункттеріне баруды жүзеге асырды.
Атап айтқанда, Орталық полиция бөлімінің №12, 13, 14 учаскелік полиция пункттеріне барып, оның барысында учаскелік полиция инспекторларына адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары саласындағы, оның ішінде адам мен азаматтың 40 іргелі құқықтары жөніндегі заңнамалық новеллалар түсіндірілді.
Бару нәтижелері бойынша Абай облыстық полиция департаментінің басшылығына тиісті ұсынымдар енгізілетін болады.