Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Абай облысы бойынша өкілі Д.Жұмагелдиннің «Еркіндік рухы» жастар құқықтары жөніндегі комиссиясының Абай облысы бойынша өкілі К.Молдақашевпен жұмыс кездесуі өтті.
Әңгімелесу барысында жастардың құқықтық сауаттылығының, адам құқықтарын қорғау саласындағы құқық қорғау мәдениетін дамытудың және бірлескен жобалардың өзекті мәселелері талқыланды. 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша уәкілдің өкілі белгіленген бірлескен іс-шаралар жастардың өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.