Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Абай облысы бойынша өкілі Д.Жұмагелдин қызметтік іссапар аясында Бесқарағай ауданының полиция бөлімінің учаскелік полиция пункттеріне баруды жүзеге асырды.
Атап айтқанда, Бесқарағай ауданның Бесқарағай ауылы, Малая Владимировка ауылы, Қарабас ауылы, Канонерка ауылы және Глуховка ауылында орналасқан учаскелік полиция пункттеріне барды.
Сондай-ақ, әңгіме барысында учаскелік полиция инспекторларының назарына Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің және оның Абай облысы бойынша өкілінің қызметі туралы ақпарат жеткізілді.
Бару нәтижелері бойынша Абай облыстық полиция департаментінің басшылығына тиісті ұсынымдар енгізілетін болады.