Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Абай облысы бойынша өкілі Д.Жұмагелдин Бесқарағай ауданының тұрғындарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін Бесқарағай ауылындағы Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барды.
Бару барысында барлық тұрғын және тұрмыстық үй-жайларды аралау жүргізілді, ұстау шарттары, медициналық қамтамасыз ету тексерілді.
Орталықтың басшылығымен және қызметкерлерімен заңнамалық новеллалар, адам мен азаматтың қырық іргелі құқықтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының қызметі мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.