Бесқарағай ауданының уақытша ұстау изоляторына бару

Бесқарағай ауданының уақытша ұстау изоляторына бару

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Абай облысы бойынша өкілі Д.Жұмагелдин Бесқарағай ауданының полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына жоспарлы сапармен барды. 

Бару барысында тергеу-қамауға алынған адамдарды ұстау, тамақтану, санитарлық-тұрмыстық қамтамасыз ету шарттары зерделенді, камералар мен изолятордың басқа да үй-жайлары тексерілді. 

Іс-шараға полиция бөлімінің бастығы Е.Даирбеков қатысты.