Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Абай облысы бойынша өкілі Д.Жұмагелдин Шығыс өңірінің әскери прокуратурасы мен Абай өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасының өкілдерімен бірлесіп Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5511 әскери бөлімінің мониторингін жүзеге асырды.
Әскери қызметшілердің тұру және тамақтану жағдайларымен танысу, әскери қызметшілермен және асхана қызметкерлерімен әңгімелесу өткізілді.