
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Абай облысы бойынша өкілі Д.Жұмагелдин Абай облысының ҰАТ тобының жетекшісі Р.Темірғазинмен бірге Семей қ. ПБ уақытша ұстау изоляторына барды.
Іс-шара тергеу-қамауға алынған адамдарды ұстау шарттарымен танысу, сондай-ақ азаптау және қатыгездік фактілеріне жол бермеу мақсатында өңірлік Сараптамалық кеңестің шешімін орындау шеңберінде өткізілді.