
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Абай облысы бойынша өкілі Д.Жұмагелдин ішкі істер органдарының «жабық» мекемелерінде ұсталатын адамдардың жеке қабылдауларын тұрақты негізде жүргізеді.
Семей қаласы полиция басқармасының арнайы қабылдау орнына барғанда уәкілдің өкілі әкімшілік қамауға алынған адамдарды қабылдады, оның барысында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы қолдану мәселелері бойынша түсініктемелер берді, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің және оның Абай облысы бойынша өкілінің қызметі туралы ақпарат жеткізді.
Жеке қабылдаулар азаматтардың құқықтарын түсіндіріп қана қоймай, қоғам мен мемлекеттік институттар арасындағы сенімді нығайтуға ықпал ететін маңызды құрал болып табылады.