
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов азаматтарды жеке қабылдады. Кездесу барысында қоғам белсенділері мен спорт саласының өкілдері елімізде киберспорт жарыстарын өткізу және осы спорт түрін дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды.
Қоғам өкілдері киберспорт жарыстарын ұйымдастыру ішкі туризмді дамытатынын атап өтті. Халықаралық турнирлер мен чемпионаттарды Қазақстанда өткізу арқылы шетелдік ойыншылар мен туристерді тартуға болады. Бұл өз кезегінде қонақ үй, қызмет көрсету, әуе қатынасы және жалпы туризм индустриясының дамуына оң әсер етеді. Бүгінде елімізде 225 мыңнан астам азамат киберспортпен тұрақты түрде айналысады.
Қабылдау барысында көтерілген ұсыныстар назарға алынып, министрлік қызметкерлеріне тиісті тапсырмалар берілді.