
3 қаңтарда Пресновка ауылында Асан Әділет Берікұлының еске алуға арналған ересектер арасындағы аудандық ашық волейбол турнирі өтті.
Жарысқа әртүрлі аудандардан келген 7 команда қатысты.
Бұл турнир спорт пен достықтың нағыз мерекесіне айналып, волейбол жанкүйерлері мен Асан Әділет Берікұлының рухын құрметтеушілерді біріктірді.