
БЖСМ тәрбиеленушісі Әлиев Аслан 13-15 ақпан аралығында М. Жұмабаев ауданы Булаев қаласында өткен 2009-2010 жылы туған жасөспірімдер арасындағы қазақ күресінен облыс чемпионатының жеңімпазы атанды. Бұл турнир Қазақ батыры Баян Қасаболатұлын еске алуға арналды. Тимирязев ауданының БЖСМ командасы жалпы командалық есепте үшінші орынды иеленді. Енді Аслан Ақтау қаласында өтетін республика чемпионатында Солтүстік Қазақстан облысының атынан қатысады.