Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» 2025 жылғы 14 мамырдағы № 41/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

                                                                                         

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының

2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы»

2025 жылғы 14 мамырдағы № 41/2 шешіміне

 өзгерістер енгізу туралы

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджетін бекіту туралы» 2025 жылғы 14 мамырдағы № 41/2 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 5154679,6 мың теңге:

салықтық түсімдер – 1166338,9 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 104937,3 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 488,6 мың теңге;

трансферттер түсімі – 3882914,8 мың теңге;

2) шығындар – 5173449,8 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 184443,5 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 206291,5 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 21848 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -203213,7 мың теңге;

6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) - 0 мың теңге;

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)                      – 203213,7 мың теңге;

қарыздар түсімі – 206291,5 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 21848 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 18770,2 мың теңге.

7-тармақта:

4) тармақша алып тасталсын;

1) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

1) 14241 мың теңге - Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға, соның ішінде:

мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайту (жөргектер) – 14241 мың теңге,

санаторлық-курорттық емделу – 0 мың теңге.

9-тармақта:

24), 27) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:

«24) 9103 мың теңге - Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға, соның ішінде:

санаторлық-курорттық емделу – 1717 мың теңге;

протездік-ортопедиялық құралдар – 5665 мың теңге;

сурдотехникалық құралдар - 350 мың теңге;

тифлотехникалық құралдар – 463 мың теңге;

арнаулы жүріп-тұру құралдары (кресло – арбалар) - 908 мың теңге;»;

27) 31504,5 мың теңге - Воскресенов ауылдық округінің Искра ауылындағы сумен жабдықтау тарату желілерін салуға.».

10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

  1. 2025 жылға арналған аудандық бюджетте 28625 мың теңге сомада республикалық бюджеттен мамандарға әлеуметтік көмек көрсету шараларын іске асыруға бюджеттік кредиттер ескерілсін.

Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледi.

 

 

          Солтүстік Қазақстан облысы

       Мамлют ауданы мәслихатының

                            төрағасы                                                              Ж. Кәрімова

                                                                        

   

Дата публикации
22 декабря 2025