Мамлют ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімімен ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
«Дипломмен ауылға!» бағдарламасы шеңберінде 2024 жылы жалпы сомасы 18 460,0 мың теңгеге 50 маманға жергілікті бюджет қаражаты есебінен көтермелеу жәрдемақы түрінде әлеуметтік қолдау, соның ішінде 1 476,8 мың теңге сомасына денсаулық сақтау саласының 4 маманына, 14 768,0 мың теңге сомасына білім саласының 40 маманына, 369,2 мың теңге сомасына 1 әлеуметтік қорғау саласының маманына, 738,4 мың теңге сомасына 2 мемлекеттік қызметшіге және 738,4 мың теңге сомасына мәдениет саласының (кітапханашы) 2 маманына ұсынылды.
2024 жылғы қаңтар-желтоқсанға тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит 31 912,0 мың теңге сомасына 5 маманға ұсынылды, соның ішінде: 27 912,0 мың теңге сомасына білім саласының 4 маманына және 4 000,0 мың теңге сомасына денсаулық сақтау саласының 1 маманына берілді.
2024 жылы мемлекеттік қызметтердің бекітілген регламенттері және стандарттары болған жоқ.
Тиісінше мерзімін бұзу және мемлекеттік қызметтердің бекітілген стандарттары және регламенттері талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған, түлғалар және тәртіптік өндіріп алулар жоқ.
Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша шағымды қарау 2024 жылы болған жоқ.
2025 жылға арналған денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне қажеттілікті ескере отырып бағдарлама шеңберінде жергілікті бюджет қаражатынан жалпы сомасы 19 660,0 мың теңгеге 50 маманға көтермелеу жәрдемақы, республикалық бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түрінде жалпы сомасы 31 456,0 мың теңгеге 4 маманға қызмет ұсыну жоспарланды.
Экономика және қаржы
бөлімінің басшысы Д.С. Семыкин
! И.Казанцева
(: 8(715-41)2-23-19