"Дипломмен ауылға" бағдарламасы туралы ақпарат

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы туралы ақпарат

Бағдарлама ауылдық жерлерде жұмыс істейтін немесе жұмыс істегісі келетін мамандарға арналған:

  • білім беру;
  • денсаулық сақтау;
  • әлеуметтік қорғау;
  • мәдениет;
  • спорт;
  • агроөнеркәсіптік кешен;
  • ветеринария саласы;
  • ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері.

Басты шарттар:

  • дипломның болуы;
  • ауылдық елді мекендегі жұмыс;
  • ауылда кемінде 3 жыл жұмыс істеу міндеттемесі.

 

Көтерме жәрдемақы

Біржолғы төленеді:

  • 100 АЕК (сома жыл сайын өзгеріп отырады).

Тұрғын үй несиесі (аудан орталығы үшін 2500 АЕК, ауылдық жерлер үшін 2000 АЕК)

Бағдарламаның шарттары:

  • мөлшерлеме — 1%-дан бастап;
  • мерзімі — 15 жылға дейін;
  • ауылда тұрғын үй сатып алуға немесе салуға.

 

Ақпарат алу үшін «СҚО Мамлют ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» КММ-не мына мекенжай бойынша хабарласыңыз: Мамлютка қ., Ш. Уәлиханов к-сі, 27                      тел. 8(71541) 2-12-68

 

Дата публикации
12 июня 2026