Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің активтерін басқару тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары

Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің активтерін басқару тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары

2026 жылғы 25 маусымда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының (бұдан әрі – Тексеру комиссиясы) кезекті отырысы өтті, онда квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің («Астана су арнасы» ШЖҚ МКК, «Астана Зеленстрой» ЖШС және «Өркен қала» ЖШС) активтерін басқару тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары қаралды, ол жалпы алғанда осы ұйымдар жүзеге асыратын қызмет олардың құрылтай және жоспарлы құжаттарында айқындалған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес келеді. Ұйымдардың негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштерін бағалау олардың қаржылық-экономикалық жағдайының тұрақтылығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, аудит ұйымдардың қызметінде белгілі бір кемшіліктердің болуын, сондай-ақ тексерілген кезеңде жіберілген белгілі бір бұзушылықтарды көрсетті.

Осылай, ұйымдардың қызметін жоспарлау бұзушылықтар мен кемшіліктермен жүзеге асырылған:

- миссиясының орындалуын және оның мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз етуді көрсетуге тиіс ұзақ мерзімді перспективалық дамуын айқындайтын құжат ретінде ұйымдардың Даму Стратегиясы жоқ;

- ұйымдарды басқару органдары Даму жоспарларын қалыптастыру үшін нәтиже көрсеткіштерін жеткізілмейді.

Қызмет қорытындысы бойынша жекелеген жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізілмеген.

«Астана су арнасы» ШЖҚ МКК табиғи монополиялар субъектісі ретінде инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын жоспарлау кезінде бұзушылықтарға жол берілген. Бұл ретте кәсіпорын табиғи монополиялар субъектілерінің кеңес беру тізбесіне енгізілгеніне қарамастан тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісін қолдана отырып, тарифті бекітуді қамтамасыз етпеген.

Ұйымдар жарғылық емес қызметтен табыс алу фактілеріне («Астана су арнасы» ШЖҚ МКК - 51 752,3 мың теңге, «Астана Зеленстрой» ЖШС - 18 069,7 мың теңге) жол берген.

«Астана су арнасы» ШЖҚ МКК таза кірістің бір бөлігін толық және уақытында аудару қамтамасыз етілмеген (6 774,0 мың теңге). Сонымен қатар, жарғылық капиталды толықтыруға бөлінген қаражат есебінен іске асырылатын инвестициялық жобаның тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізілген жоқ (көлік құралдары мен мамандандырылған техниканы уақтылы және толық сатып алу қамтамасыз етілмеген).

Ұйымдардың ішкі бақылау жүйесінің елеулі бұзушылықтары мен кемшіліктері бар:

- ұйымдардың ішкі нормативтік құжаттарын (жарғы, есеп саясаты, лауазымдық нұсқаулықтар және т. б.) өзектендіру қамтамасыз етілмеген;

- ұйымдардың активтерін тиісті бақылау және есепке алу қамтамасыз етілмейді;

- басқару органдары әкімшілік шығыстардың лимиттерін жеткізбейді;

- ұйымдардың Бақылау кеңестері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер қызметін тиісті деңгейде жүзеге асырмайды;

- көлік құралдарын есептен шығаруды ресімдеу бойынша рәсімдерді уақтылы жүргізу қамтамасыз етілмейді, нәтижесінде ұйымдар көлік салығын төлеуге артық шығыстарды көтереді.

Ұйымдар мемлекет активтерін тиімсіз жоспарлау және пайдалану фактілеріне, сондай - ақ жалпы сомасы 4 442 162,4 мың теңгеге экономикалық шығындарға («Астана су арнасы» ШЖҚ МКК - 4 035 235,7 мың теңге, «Астана Зеленстрой» ЖШС - 406 458,8 мың теңге  және «Өркен қала» ЖШС-467,9 мың теңге) жол берілген.

Ұйымдардың құрылыс қызметін жүзеге асыру кезінде келесі негізгі бұзушылықтарға жол берілген:

- мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органды құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаған;

- атқарушылық техникалық құжаттаманы тиісінше жүргізбеген және ресімдемеген;

- объектіні қабылдау мен пайдалануға берудің белгіленген тәртібін сақтамаған;

- орындалған жұмыстарды растаудың дұрыстығы қамтамасыз етілмеген.

Аудит тексерілген ұйымдардың ішкі бақылау жүйесінің, оның ішінде басқару органдары тарапынан басқарудың және оларға бақылаудың тиісінше емес деңгейінің жіберілуі жол берілген бұзушылықтар мен кемшіліктердің едәуір дәрежеде себебі болып табылатынын көрсетті.

Жалпы аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 3 392 625,1 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар, оның ішінде қалпына келтіруге тиіс 3 044 656,9 мың теңге (аудит барысында 70 464,0 мың теңге қалпына келтірілді) және  өтеліге тиіс 347 968,2 мың теңге (аудит барысында 60 163,3 мың теңге өтелді), мемлекет активтерін тиімсіз жоспарлау – 839 608,9 мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану - 3 303 046,7 мың теңге, ықтимал шығындар мен жоғалған пайда-299 506,8 мың теңге, 103 рәсімдік бұзушылықтар және 20 жүйелік кемшіліктер анықталды.

Аудит қорытындысы бойынша 81 материал әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін уәкілетті органдарға жіберілді.

Тексеру комиссиясы аудит қорытындысы бойынша  анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою мақсатында әзірленген тапсырмалар мен ұсынымдар жіберді.