
2026 жылғы 5 маусымда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының құрылғанына 15 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтті.Іс-шараға қалалық мәслихат депутаттары, мемлекеттік аудит жүйесінің ардагерлері, бұрынғы және қазіргі қызметкерлер қатысты.Құттықтау сөз сөйлегендер қатарында Астана қаласы мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнұлқабден және Қазақстан Республикасы Есеп комитетінің бұрынғы төрағасы, еліміздегі тексеру комиссияларын құрудың бастауында тұрған Омархан Нұртайұлы Оксикбаев болды.Тексеру комиссиясының төрағасы Иманжүсіп Ләткенұлы Ақпомбаев 15 жыл ішіндегі негізгі жетістіктерге тоқталды. Жалпы осы кезеңде 270 аудиторлық іс-шара өткізіліп, 882 объект қамтылды. Қамтылған қаражат көлемі 3,8 трлн теңгеден асты. Қаржылық бұзушылықтар көлемі 1,6 трлн теңгеден астам соманы құрады. Бюджетке шамамен 12,0 млрд теңге өтелді.Тексеру комиссиясының мерейтойлық медальдарымен мәслихат депутаттары, жергілікті атқарушы органдардың басшылары және бұрынғы қызметкерлер марапатталды.Сондай-ақ құттықтау сөз сөйлеген Тексеру комиссиясының бұрынғы мүшесі, қазіргі таңда Жоғары аудиторлық палатаның департамент директоры Амандық Тұрсынұлы Молдашев Тексеру комиссиясының қызметкерлерін ведомстволық наградалармен және Құрмет грамоталарымен марапаттады.Салтанатты іс-шара барысында сөз сөйлегендердің барлығы Тексеру комиссиясының сыртқы мемлекеттік аудит органы ретінде елорда экономикасының дамуына, бюджет қаражатын тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге және қаржылық тәртіпті нығайтуға қосқан елеулі үлесін ерекше атап өтті.Бұл жетістіктердің барлығы әрбір қызметкердің жоғары кәсібилігінің, жауапкершілігінің, қағидатшылдығының және белсенді еңбегінің арқасында мүмкін болды.