Астана қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясының отырысында 2025 жылғы Астана қаласы бюджетінің атқарылуы жөніндегі есеп қаралды және бекітілді

Астана қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясының отырысында 2025 жылғы Астана қаласы бюджетінің атқарылуы жөніндегі есеп қаралды және бекітілді

2026 жылғы 28 мамырда Астана қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясында  Қаржы басқармасының  2025 жылғы Астана қаласы бюджетінің атқарылуы туралы есебіне қорытынды болып табылатын Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының Есебі қаралды.

Қаржы, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармалары басшыларының және Тексеру комиссиясы төрағасының баяндамалары тыңдалды.

Депутат Адамбеков Кендебай Сарыбайұлы елорда әкімдігінің қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жүргізіліп жатқан мақсатты жұмыстарын атап өтті.

Сонымен қатар,  әкімдік пен депутаттық корпусқа  назар аударуға тұрарлық, мысалы, инфляцияның жоғары деңгейде қалуы  (2024 жылғы көрсеткіштен 2,7 пайыздық тармаққа жоғары), жылдан жылға  бюджетке берешектің ұлғаюы, бюджеттің орындалмауы (0,7%),  дебиторлық берешектің өсуі (65,4 млрд. теңге), бюджеттік инвестициялық жобаларды дәйексіз жоспарлануы  (мысалы, 1,8 млрд. теңгеге 47 жоба бар, олар бойынша қаражат бекіту кезінде жоспарланбаған, бірақ жыл ішінде қаражат бөлініп, толығымен алынып тасталған), жергілікті атқарушы органның борышы  (419 млрд.теңге)  сияқты кейбір жайттарға тоқталды.

Есепті тыңдау қорытындысы бойынша Астана қаласы мәслихатының депутаттары бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне нәтиженің сапалық көрсеткіштеріне қол жеткізе отырып, бюджеттік бағдарламаларды сапалы және тиімді іске асыру, сондай-ақ  Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамаларының сақталуын қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар  берді.

Есепті Астана қаласы мәслихатының депутаттары бірауыздан қабылдады және бекітті.