
2026 жылғы 22 мамырда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті, онда жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігінің (бұдан әрі - ЖБ ШҚЕ) мемлекеттік аудитінің және жекелеген бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің (бұдан әрі-ББӘ) қаржылық есептілігінің қорытындылары қаралды. Аудитпен қамтылған жергілікті бюджеттің және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шоғырландырылған қаржылық есептілігін ескертпемен пікір білдіру үшін негізді қамтитын аудиторлық қорытындыда баяндалған мән-жайлардың қаржылық есептілікке әсерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес 2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша барлық маңызды қатынастарда қаржылық жағдайдың анықтығын, қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін және 2025 жылғы ақшалай қаражаттың қозғалысын көрсетеді.
Алынған аудиторлық дәлелдемелер негізінде ескертпемен пікір білдірілді, өйткені анықталған бұрмаланулардың қаржылық есептілікке әсері тұтастай алғанда қаржылық есептілікте маңызды, алайда тегіс қамтымайды деген тұжырым алынды.
Жалпы алғанда, ЖБ ШҚЕ үшін 18 222,8 млн. теңге мөлшеріндегі орташа шектілік маңыздылығы мәні кезінде жалпы сомасы 199 972,6 млн. теңгеге анықталған бұзушылықтар (179 699,4 млн. теңге сомасына қалпына келтіруге тиіс қаржылық бұзушылықтар, оның ішінде аудит барысында қалпына келтірілген 167 725,2 млн. теңге) қаржылық есептілікке айтарлықтай әсер етті, өйткені олар шектілік маңыздылығы мәнінен 81 749,8 млн. теңгеге асып кетті.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде анықталған бұзушылықтар былайша көрінеді:
1) Білім басқармасының жалпы сомасы 73 452,2 млн. теңге;
2) Құрылыс басқармасының жалпы сомасы 51 879,9 млн. теңгеге, аудит барысында 38 076,2 млн. теңге қалпына келтірілді;
3) Коммуналдық шаруашылық басқармасының жалпы сомасы 41 367,1 млн. теңге, аудит барысында 41 052,2 млн. теңге қалпына келтірілді;
4) Энергетика басқармасының жалпы сомасы 12 593,7 млн. теңге, оның ішінде аудит барысында 21,4 млн. теңге қалпына келтірілді;
5) Активтер басқармасы жалпы сомасы 1 788,9 млн. теңгеге, оның ішінде аудит барысында 1 788,9 млн. теңге қалпына келтірілді;
6) Қаржы басқармасы жалпы сомасы 4 737,0 млн. теңге, оның ішінде аудит барысында 2 152,2 млн. теңге қалпына келтірілді;
7) Мәдениет басқармасы жалпы сомасы 1 511,3 млн. теңге, оның ішінде аудит барысында 1 511,3 млн. теңге қалпына келтірілді;
8) Табиғатты пайдалану басқармасы жалпы сомасы 887,3 млн. теңге, оның ішінде аудит барысында 887,3 млн. теңге қалпына келтірілді;
9) Есіл ауданы әкімдігінің аппаратымен жалпы сомасы 11 755,3 млн. теңге, оның ішінде аудит барысында 11 755,3 млн. теңге қалпына келтірілді.
ЖБ ШҚЕ бұрмалануына әкеп соққан бұзушылықтардың жалпы сомасынан 11 974,2 млн. теңге сомаға бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтіруге жатады, оның ішінде ББӘ бөлінісінде:
- Энергетика басқармасы 9 179,6 млн. теңгеге;
- Коммуналдық шаруашылық басқармасы 209,7 млн. теңгеге;
- Қаржы басқармасы 2 584,9 млн.теңгеге.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық есептілігінің бұрмалануына мынадай бөлікте жол берілген:
- жарғылық капиталды құруға мемлекет активтерін беру есепке алынбаған;
- коммуналдық мүлік мөлшеріне квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қаржы инвестицияларының бастапқы құны төмендетілген;
- жарғылық капиталды ұлғайту, жер учаскелерінің құнына активтердің құнын төмендету, жер учаскелерінің құнын бухгалтерлік есепте көрсетпеу жолымен инвестицияларды бухгалтерлік есепке алу көрсетілмеген;
- негізгі құралдарды және аяқталмаған құрылысты уақтылы және дұрыс көрсетпеу, активтерді шығару жөніндегі операцияларды уақтылы көрсету қамтамасыз етілмегені;
- берілген қысқа мерзімді аванстардың сомалары негізсіз асыра бағаланбаған және төмендетілген.
Бұдан басқа, бұзушылықтар мен кемшіліктер, оның ішінде қаржылық есептіліктің жекелеген бөлшектері бойынша активтер мен міндеттемелерді түгендеудің болмауы; қаржылық есептіліктің жекелеген элементтерін бастапқы құжаттармен растамау, бухгалтерлік құжаттарды тиісінше ресімдемеу сияқты ықтимал бұрмалану тәуекелдерін көрсететін ішкі бақылау жүйелері анықталды.
Жалпы аудит қорытындысы бойынша қаржылық бұзушылықтар болып табылатын қаржылық есептіліктің жалпы сомасы 199 972,6 млн.теңгеге бұрмалануы, жалпы сомасы 20 273,3 млн. теңгеге рәсімдік бұзушылықтар болып табылатын қаржылық есептіліктің бұрмалануы, 30 рәсімдік бұзушылықтар және 12 жүйелік кемшіліктер анықталды.
Аудит нәтижелері бойынша Тексеру комиссиясы бұрмаланған қаржылық есептілікті жасаудың және бухгалтерлік есепті жүргізуден жалтарудың 31 фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін материалдарды Астана қаласы бойынша Ішкі аудит департаментіне жолдады.
Аудит қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою мақсатында Тексеру комиссиясы әзірленген тапсырмалар мен ұсынымдар жіберді.