Денсаулық сақтау саласындағы квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері қызметінің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары

Денсаулық сақтау саласындағы квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері қызметінің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары

Денсаулық сақтау саласындағы квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері қызметінің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары

 

2026 жылғы 9 сәуірде Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысында елорда мәслихаты депутаттарының және аудит объектілері өкілдерінің қатысуымен  Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық перинаталдық орталығы»  ШЖҚ МКК (бұдан әрі – Перинаталдық орталық); Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ МКК (бұдан әрі – Физиопульмонология орталығы); Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық инфекциялық орталығы» ШЖҚ МКК  (бұдан әрі -Инфекциялық орталық); Астана қаласы әкімдігінің «№3 Қалалық емхана» ШЖҚ МКК (бұдан әрі - №3 Емхана); Астана қаласы әкімдігінің «№7 Қалалық емхана» ШЖҚ МКК (бұдан әрі – №7 Емхана) денсаулық сақтау саласындағы квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері қызметінің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы шығарылды.

          Жалпы, медициналық ұйымдардың қызметін талдау кезінде Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан бекітілген тиімділік индикаторларына қол жеткізу туралы Меморандум көрсеткіштері орта есеппен 70% - ға дейін орындалғанын көрсетті.

Мысалы, ана мен бала өлімі, операциядан кейінгі асқынулар, ауруханаішілік инфекциялар, жаңа туған нәрестелердің жарақаттануы, жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауынан, қатерлі ісіктерден, туберкулезден, қан айналым жүйесінің ауруларынан болатын өлім-жітім бойынша көрсеткіштердің төмендеуі оң нәтижеге әкелді.

 Сонымен қатар кадрлармен жасақтау, мерзімі өткен кредиторлық берешектің болмауы, халықты скринингпен қамту, есепке алынбаған жүкті әйелдер саны, азаматтарды міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі сақтандырылғандардың үлесі және қымбат емдік зерттеулер бойынша көрсеткіштерге қол жеткізілмеді.

Кәсіпорындардың  жоспарланған ресурстарға қатынасының  тиімділік қағидаты бойынша қызметін бағалау «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамымен (бұдан әрі-ӘМСҚ КЕАҚ) жасалған шарттар бойынша қаржыландырудың азайтылғаны анықталды.

Медициналық қызметтердің сапасы мен көлемін мониторингтеу нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктері мен сәйкессіздіктер, сондай-ақ медициналық қызметтердің саны бойынша жоспарды асыра орындау кезінде қаржыландыруды шектейтін Желілік шкаласын қолдану кәсіпорындардың 1 558 626,1 мың теңге сомасында жоғалған пайдаға  алып келген.

Сонымен қатар, елордадағы ірі бейінді стационарларының ұзаққа созылған қаржылық дәрменсіздігі жеткізушілер алдындағы кредиторлық берешекті жабуға ақшалай қаражаттың жетіспеушілігімен байланысты орын алды. Мұның басты себебі-кәсіпорын шығындарын өтемейтін медициналық қызметтер үшін төмен тарифтердің  болуы.

Бұл ретте, 2025 жылдың соңына 1 741 059,8 мың теңге сомасында жинақталған кредиторлық берешегі бар «Фтизиопульмонология орталығында» ең күрделі жағдай қалыптасты, мұнда қаржыландыру тапшылығы мәселесі бірнеше жыл бойы шешілмеген, 2017 жылы  бұрынғы ауданы  67 358 шаршы метрден асатын ескі базадан  ауданы 7 321 ш.м. жаңа ғимараттарға көшумен байланысты орын алған.

Қызмет көрсету сапасына және ұйымдар қызметінің тиімділігіне әсер ететін маңызды фактор білікті еңбек ресурсының болуы болып табылады. Алайда, барлық объектілер бойынша кадрлармен қамтылудың төмен пайызы н, орташа есеппен 60% құрайды, бұл  кадрлардың ауысуының салдарынан, сондай-ақ қолда бар бос қор себептерінен орын қалыптасты. Бұл ретте медициналық персоналдың жетіспеушілігі қоса атқарушылық коэффициентінің жоғары деңгейіне әкеп соғады. Нәтижесінде еңбек заңнамасы бойынша күнделікті жұмыс ұзақтығының нормасынан асатын негізгі жұмыс орны бойынша күнделікті жұмыстың жиынтық ұзақтығы сақталмайды.

Сондай-ақ, активтерді тиімсіз пайдалануға тұрақты сипаттағы қызмет функциясы  бар және медициналық ұйымдарда міндетті лауазымдар ретінде көзделген лауазымдарға азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттарды төлеуге қаражат жұмсалған. Мысалы, МЖӘ шарттары бойынша бухгалтерлік, консультациялық, экономикалық қызметтер, IT маманның және басқа да персонал қызметтерлеріне  төленген.

Фтизиопульмонология орталығы ішкі аудит қызметінің еңбегіне ақы төлеу кезінде оның қызметінің нәтижелерін қараусыз және оқу процесін ұйымдастыруды білім беру мекемесіне 7 690,2 мың теңге сомаға уақтылы бермегені үшін қаражатты тиімсіз пайдаланған.

Аудит объектілері жалпы сомасы 1 519 786,5 мың теңгеге еңбекақы төлеу кезінде активтерді тиімсіз пайдаланған, сондай-ақ жалпы сомасы 14 464,0 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтарға жол берген (жұмыстан шығу жәрдемақысының түрлі қосымша ақысын төлеу, сыйақы беру, демалыс ақысын есептеу кезінде).

Фтизиопульмонология  орталығында әлеуметтік құқықтарынының сақталмау  фактілері анықталды,   қызметкерлердің зиянды шарттармен жұмыс істегені үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарды 2014 жылдан бастап 31 787,0 мың теңге сомасында уақытында есептемеген  және аудармаған.

Объектілердің қаржы-шаруашылық қызметін бағалау бухгалтерлік есеп пен рәсімдік сипаттағы бұзушылықтарды, сондай-ақ жалпы сомасы 3 688 679,6 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтарды анықтады (дәрігерге пәтер жалдау ақысын өтеу, жұмыс істемейтін және жұмыс істемейтін негізгі құралдарды есептен шығару жөнінде шаралар қолданбау, іссапар шығыстарын өтеу кезінде артық төлем жасау, тауар-материалдық қорлардың артық және жетіспеуіне жол беру активтердің құнын шығыстарға есептен шығару, ғимаратты уақтылы қайта бағалау жүргізбеу).

Жалпы сомасы 20 218,2 мың теңгеге шығыс операцияларын жүзеге асыру кезінде кәсіпорындардың активтерін тиімсіз жоспарлау және пайдалану, сондай-ақ жоғалту. Мысалы, Фтизиопульмонология орталығы жылу желілерін күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттаманы сатып алу кезінде 9 149,4 мың теңгеге шығынға жол берген.

Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын бағалау медицианалық жабдықтармен  орта есеппен 90%  жабдықталғанын көрсетті. Мысалы, Перинаталдық орталықта 85 бірлік мөлшерінде материалдық-техникалық базаны қосымша жарақтандыру қажеттілігі анықталды, атап айтқанда, дене салмағы 500 грамнан басталатын жаңа туған нәрестелерге арналған инкубаторлар, жаңа туған нәрестелер үшін өкпені жасанды желдетудің жоғары жиілікті аппараттары қажет.

№3 Емхана өзінің қызметінде 2014 жылдан бастап балансында көрсетілген  бөгде ұйым мүліктік жалдауға берілген  үй-жайды (жалпы ауданы 289 ш.м.) пайдаланбайды.

          Фтизиопульмонология орталығында 2022 жылғы сәуір айында 390 620,8 мың теңге сомасына тоқтап тұрған пайдаланылмайтын  активтерді анықтады, сондай-ақ 19 999,8 мың теңгеге медициналық  жабдықтардың жұмысы тоқтатылған.

          Аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 3 897 298,9 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: қалпына келтіруге тиіс 3 851 534,2 мың теңге (аудит барысында  3 685 501,3 мың теңге қалпына келтірілді) және өтеуге тиіс 45 764,7 мың теңге (аудит барысында 4 202,0 мың теңге өтелді), мемлекет активтерін тиімсіз жоспарлау – 28 716,7 мың теңге, мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану-1 737 966,1 мың теңге, жоғалған пайда/экономикалық шығындар 1 646 945,9 мың теңгені құрады, сондай-ақ 131 рәсімдік бұзушылықтар мен 27 жүйелік кемшіліктер анықталды.

          Бұдан басқа, Мемлекеттік сатып алу туралы, Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, Сәулет және құрылыс қызметі туралы заңдардың, сондай-ақ әкімшілік жауапкершілікке тартылуға жататын заттай нормалардан асып кету туралы заңнама бұзушылқтарының 20 фактісі анықталды.