Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю тәртібі

Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю тәртібі

2-тарау. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю тәртібі

  1. Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарлары меншік нысанына қарамастан есепке алуға және тіркеуге жатады.

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына сәйкес әрбір тіркелген ауыл шаруашылығы жануарларына сәйкестендіру нөмірі беріледі. Ветеринариялық паспорт ауыл шаруашылығы жануарларына ұсақ малдарды, шошқаны қоспағанда жеке беріледі.

      Ұсақ малға (қойлар, ешкілер), шошқаларға ветеринариялық паспорт тобына (отарына) беріледі.

      Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қоршалған немесе қоршалмаған жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларының иелері не олар уәкілеттік берген адамдар жүзеге асырады.

      Табиғи-климаттық аймақтарға байланысты тәуліктің қараңғы және түнгі уақытында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға бөлінген жайылымдар мен басқа да жер учаскелерінде ғана жол беріледі.

      Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю орнына дейін және кері қарай жылжуы, ал тәуліктің қараңғы және түнгі уақытында ұстау орнына дейін айдап өту (айдау) ауыл шаруашылығы жануарларының иелерінің немесе олардың уәкілетті адамдарының қадағалауымен жүзеге асырылады.

  1. Мыналарға:

      1) ауру ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға (оның ішінде жұқпалы ауруларды жұқтырған);

      2) міндетті ветеринариялық рәсімдерден өтпеген, оның ішінде егу және вакцинациялаудан өтпеген ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға;

      3) жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде, темір және автомобиль жолдарына бөлінген белдеулерде, су қорғау белдеулері мен санитариялық қорғау аймақтарының шекарасында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға;

      4) су қорғау аймақтарының шегінде жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;

      5) бірдейлендірілмеген ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға;

      6) ауыл шаруашылығы жануарларын жаю орнына дейін және кері қарай айдап өту (айдау), жаю, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің немесе олар уәкілеттік берген адамдардың қадағалауынсыз ауыл шаруашылығы жануарларының орнын ауыстыруға жол берілмейді.

      Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 99-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік орман қорына кіретін жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің немесе олар уәкілеттік берген адамдардың қадағалауынсыз жаюға ерекше жағдайларда шалғайдағы, қол жеткізу қиын және халық аз қоныстанған аудандарда жүзеге асырылады. Осындай аудандардың тізбесін облыстың жергілікті атқарушы органының ұсынымы бойынша облыстың жергілікті өкілді органы бекітеді;

      7) ауыл шаруашылығы жануарларын теміржолдар арқылы және арнайы бөлінген жерлерден тыс, сондай-ақ тәуліктің қараңғы уақытында және жеткіліксіз көріну жағдайларында (әртүрлі деңгейлердегі мал айдаудан басқа);

      8) өзге жолдар болған кезде ауыл шаруашылығы жануарларын асфальт төселген және цементпен бетондалған жолдармен айдап өтуге;

      9) қоғамдық шомылатын орындарда, тоғандарда, субұрқақтарда, жалпыға ортақ пайдаланылатын су айдындарында және су жиналатын жерлерде ауыл шаруашылығы жануарларын суаруға жол берілмейді.

      Ауыл шаруашылығы жануарларын суару үшін Қазақстан Республикасының Су кодексіне сәйкес ортақ су пайдалану тәртібімен су объектілерінің ластануы мен қоқыстануын болдырмайтын суат алаңдары мен басқа да құрылғылары бар санитариялық қорғау аймақтарынан тыс су объектілерін пайдалануға жол беріледі.

      Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю тәртібі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 18-02/909 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12259 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю қағидаларына сәйкес айқындалады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.06.2024 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Қазақстан Республикасының табиғи-климаттық аймақтарына байланысты жаюдың басталу күні ауа температурасының Цельсий бойынша +10 градустан жоғары тұрақты кезеңіне орайластырылады.

      Әрбір маусымның (күндердің) жаю ұзақтығы нақты жылдың шарттарымен анықталады.

  1. Адамдардың қадағалауынсыз жүрген ауыл шаруашылығы жануарлары қараусыз жүрген жануарлар болып есептеледі және иесі анықталғанға дейін уақытша ұстау үшін қоражайларға айдауға жатады.

      Ұсталған қараусыз жүрген жануарларды ұстау, иелеріне қайтару тәртібі, сондай-ақ иелерінің жауапкершілігі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 246-бабына сәйкес айқындалады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.06.2024 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю және айдап өту жерлерін айқындау кезінде жануарлар дүниесі объектілерінің мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар көзделеді және жүзеге асырылады, сондай-ақ "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 1-тармағынасәйкес жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретінде ерекше құнды учаскелерге қол сұғылмаушылық қамтамасыз етіледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.05.2023 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Табиғи-климаттық аймақтарға байланысты республикада жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын маусымдық және жыл бойы бағу жүйесі қолданылады.

      Маусымдық жаю жүйесінде ауыл шаруашылығы жануарлары көктемде-жазда-күзде жайылымдарда, қыста-толыққанды азықтандыру арқылы қорада ұсталады.

      Жыл бойы жаю жүйесінде ауыл шаруашылығы жануарлары жыл бойы жайылымда болады.

      Қолайсыз ауа райы жағдайында мал шаруашылығы қора-жайлары пайдаланылады және тиісті азық қоры құрылады.

  1. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю кезінде жайылымдардың түрлік құрамын ескеріледі қажет, өйткені Қазақстандағы барлық жайылымдар маусымдық сипатта болады, сондықтан эфемерлік жайылымдар көктемде, бетегелі-астық тұқымды және таулы - жазда, ал эфемерлік-жусан жайылымдар көктемде де, күзде де пайдаланылуы мүмкін.
  1. Ауыл шаруашылығы жануарлары түрі мен өсімдік түріне байланысты жаюдың алдында оңтайлы биіктік табиғи жайылымдарда шөптің тиімді биіктігі 2-ден 6 сантиметрге (бұдан әрі - см) дейін және екпе жайылымдарда 10 см-ден жоғары болуы тиіс.
  1. Шөлейт жайылымдарын пайдалану коэффициенті 60 пайыздан (бұдан әрі - %) ; шөлейт және құрғақ далада - 65% аспауы тиіс. Таулы жайылымдарды 70% коэффициентпен, көктемгі эфемер өсімдіктері бар учаскелер сияқты пайдалануға болады.
  1. "Жайылымдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Жайылымдар туралы заң) 13-бабы 2-тармағының2) тармақшасында көрсетілген жайылымдар, оның ішінде көпшілік пайдаланатын жайылымдар жеке меншікке және жер пайдалануға берілмейді және жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін халық мұқтажына ғана пайдаланылады.

      Жайылымдар туралы заңның 15-бабы 4-тармағында көрсетілген жайылымдарды қоспағанда, шалғайдағы жайылымдар жеке және (немесе) заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Жер кодексі) 43-1-бабында белгіленген тәртіппен беріледі.

      Мемлекеттік заңды тұлғалардың балансында тұрған және жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю бойынша халық мұқтажына арналған жайылымдарда, оның ішінде көпшілік пайдаланатын жайылымдарда орналасқан суландыру құрылыстарына қол жеткізу өтеусіз негізде беріледі.

      Жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю бойынша халық мұқтажын қанағаттандыру мақсатында Жер кодексінің 49-2-бабына сәйкес жайылымдарды резервке қою жүзеге асырылады.

      Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі – Жоспар) жайылымдарды резервке қою үшін негіз болып табылады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.06.2024 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Жоспар ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органы бес жылға бекітетін нормативтік құқықтық акті болып табылады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.06.2024 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Жоспарды ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдерімен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп, Жайылымдар туралы заңның 6-бабы4-1) тармақшасына сәйкес жайылымдарды басқару және пайдалану саласындағы уәкілетті орган бекітетін жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспардың негізінде әзірлейді.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.06.2024 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Ауыл шаруашылығы жануарларын жайылымдарда жаю Жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.
  1. Алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.06.2024 № 185(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Елді мекендердің шекараларына (шектеріне) тікелей іргелес аумақта орналасқан, мемлекет меншігіндегі жайылымдар жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін халық мұқтажын қанағаттандыруға пайдаланылады.

      Елді мекеннің шекаралары (шектері) шегінде жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарлары мал басы Жоспарға сәйкес жайылымдардың басқа учаскелеріне, оның ішінде шалғайдағы жайылымдарға орны ауыстырылады.

      Жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға арналған жайылымдарды, оның ішінде шалғайдағы жайылымдарды пайдалану Жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің және ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының жайылымдар беру туралы жеке шешімін шығару талап етілмейді.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.06.2024 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Осы Үлгілік қағидалардың 19-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген жайылымдарда басқа ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға "Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 бұйрығымен(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 болып тіркелген) бекітілген жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормалары сақталған жағдайда ғана жол беріледі.

      Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормаларынан асып кеткен кезде жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға арналған жайылымдардың алаңдарын ұлғайту мақсатында бұрын берілген жайылымдарды Жер кодексінің 848586, және 87-баптарына және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-тарауына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару жүзеге асырылуы мүмкін.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.06.2024 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ шегінде жайылымдармен қаматамасыз етілмеген иелерінің ауыл шаруашылығы жануарларының саны түрлері мен жыныстық-жас топтары бойынша қалыптастырылады және Жоспарға сәйкес шалғайдағы жайылымдарға жіберіледі.
  2. Алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.06.2024 № 185(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен