
КСРО бойынша аңшылық өнердің үздігі Мәуия Әбікеевті еске алуға арналған шырға тарту турнирі өтті. Ауданның спорт және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен өткен жарыс құсбегілерді топтастырды.
Құсбегінің сара жолын жалғап, ұлттық спорттың жанашырлары арасында қызу сайыс өтті.
14 бүркітші құстарын баптап, жарысқа сайланып келді. Қырағылық пен жылдамдық сайысында 1-орынды Ақсу қаласынан келген Алан Искаковтың бүркіті иеленді. 2-орында қарағандылық Назарбол Бүркітханның Дәуқара атты бүркіті көрінсе, 3-орынды Қарағандыдан келген Арман Мәтей Боран атты бүркітімен жеңіп алды.