
Ел имиджінің бір көрсеткіші болып - спорт жетістіктері есептеледі. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында да спорттық жетістіктер біршама. Қазақстан имиджінің спорттық қыры экономикалық тұрғыдан да және саяси тұрғыдан да басым тактикалық бағыттардың бірі ретінде қарастырылады.
Астана қаласында өткен жылдың қараша айынан бастау алған «Лига А Каз ЛЛВ 2023-2024» микс форматында волейбол ойынынан жарыс ағымдағы жылдың 18-ші ақпан айында өз мәресіне жетті.4 айға созылған жарыстың нәтижесінде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Тегісшілдік ауылының тумасы Еркен Дарын Манарбекұлы жүлделі 2-орын иеленді. Республикалық, облыстық додаларда ауданымыздың және ауылымыздың мерейін арттырып жүрген спортшыларымызға сәттілік тілейміз!