
2023 жылғы қыркүйектен бастап ҚР Оқу ағарту министірдің 19.09.2023 жылғы № 294 бұйрығына сәйкес облыстың барлық 343 білім беру ұйымдарында «Біртутас тәрбие бағдарламасы» жүзеге асырылып, ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары құрылып, жұмыс істеп жатыр.
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасы мен мектептің өзара іс-қимылы жөніндегі жұмысты шоғырландыруға және күшейтуге ықпал етеді.
Аталмыш жұмыстарға «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми практикалық институты» КЕА әдістемелік көмек береді. Аталған қоғамының сараптамалық-талдау басқармасының жетекші маманы Аязбаев Еркімбек Мұқатайұлы қатысуымен бір қатар іс шара өтізіліп жатыр. Оның ішінде, Өскемен қаласының З. Ахметов атындағы № 16, А.Байтұрсынов атындағы № 20 және № 35 орта мектептерінің бірлесуімен «Даналық мектебі – тәрбие бастауы» тақырыбында семинар өткізілді.
Шара «Ақниет» әжелер ансамблінің мүшелерінің әсем әндері мен дана ойларынан бастау алған дөңгелек үстел басындағы әңгіме әрі қарай тәжірибелік бөлімде көрсетілген шеберлік сағаттарына ұласты.
«Бабалар мұрасы-ұрпаққа аманат» шеберлік сабағында қыз тәрбиесіндегі әженің рөлі жан-жақты насихатталып, халқымыздың салт-дәстүрімен ұштастырылған сахналық көріністер қатысушылар назарына ұсынылды. Әже тәрбиесі арқылы бала бойына сіңірілетін ұлттық құндылықтар талқыланды.
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Әжем айтқан ертегі» шарасы бала мен ата-ананың, жалпы отбасы мүшелерінің кітап оқуға ынталарын арттыру сияқты бүгінгі таңдағы өзекті мәселенің түйінін шешуге арналды.
Біртұтас тәрбие бағдарламасын және ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарын іске асыру бойынша үздік тәжірибені тарату бойынша жұмыс жалғасуда.