
2024 жылғы 2 ақпанда Қазақстан Республикасының Самарқандтағы Бас консулы Бауыржан Досманбетов кілем өндіруде жетекші «SAG GROUP» компаниясының өндірістік кәсіпорына барды.
Компания басшымен кездесу барысында Бас консул Қазақстанда инвестициялық ахуалды жақсарту және инвесторлар үшін қолайлы орта қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан реформалар туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.
Өз кезегінде кәсіпорын басшысы Камол Абдуллаев кілем өндіру саласында қазақстандық іскер ортамен ынтымақтастықты жолға қоюға қызығушылық білдірді.
Қазіргі уақытта «SAG GROUP» компаниясы кілем өндірісінің ауқымы жөнінен әлемдік рейтингте 3 орында, жылына 15 млн кв2 кілем өндіреді.