
2023 жылғы 13 қарашада Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды облысының білім беру педагогтары арасында «Туған өлке сырлары» облыстық қашықтықтан байқауының қорытынды кезеңін өткізді.
Байқаудың мақсаты: өлкетануды ұйымдастыру, мұражай жұмысын жандандыру, білім беру ұйымдарында мұражай мәдениетін арттыру бойынша педагогикалық бастамаларды қолдау. Байқауға «Менің өлкемнің үздік 3D-жобасы» номинациясы бойынша 10 жұмыс және «Мұражай бойынша виртуалды саяхат» номинациясы бойынша 45 жұмыс түсті. Олардың ішінде Шахтинск қаласының жалпы орта білім беру ұйымдарынан «Мұражай бойынша виртуалды саяхат» номинациясы бойынша 6 жұмыс бар.
Байқау қорытындысы бойынша келесі педагогтар алғыс хаттармен марапатталды: А.Тілеубекқызы («Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі» КММ) және Ланкялис А.В. («№8 жалпы білім беретін мектебі» КММ), Нутфуллина З.Ш. («№2 жалпы білім беретін мектебі» КММ). Құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз.