Жетісудан суретші Нұрболат Асқардың "Ғажайып таңы"

Жетісудан  суретші Нұрболат Асқардың "Ғажайып таңы"

Көркемөнер галереясында жас суретші, «Дарын» Мемлкеттік Жастар сыйлығының лауреаты , Нұрболат Асқардың «Ғажайып таң» атты жеке шығармашылық көрмесі өтті. 

Асқар Нурболат Талғатұлы 1993 жылы, 2 қарашада Кентау қаласында туылған. 2014 жылы Қазақ Ұлттық өнер университеті жанындағы колледжін «Станокты кескіндеме» мамандығы бойынша, 2019 жылы Қазақ Ұлттық Өнер уневерситетін  бітірді. 2021 жылы аталған оқу орнының «Станокты кескіндеме» мамандығының магистрі. «Дарын» Мемлекеттік Жастар Сыйлығының Лауреаты. Халықаралық, Республикалық, облыстық, қалалық байқаулардың жүлдегері.

 Көрмеге суретшінің 20 – ға жуық әртүрлі жанрда жазылған туындылары қойылды. Кез келген жеке көрменің негізгі мақсаты – суретшінің шығармашылығын мүмкіндігінше толық көрсете отырып, зейінді көрерменді ол жасаған тақырыптардың шеңберіне шығару. Жас суретші Асқар Нұрболаттың көрмесінде осы тақырыптардың ең бастысы отбасылық құндылықтар және күнделікті өмір тынысы болды. Нұрболат үшін жанұя – адам жан-дүниесінің қалыптасуының негізі. Суретшінің ойынша, туған ұяң ішкі әлем мен жеке көзқарасты, тіпті адамдардың келешек тағдырын анықтайды. Отбасы – бұл махаббат, жеңіс және адамдардың рухани байлығы.