«Білім беру ресурстары арқылы пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру және STEM-сабақты жобалау»

«Білім беру ресурстары арқылы пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру  және STEM-сабақты жобалау»

Қалалық білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес «ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім беру бөлімінің №47 жалпы  білім беретін  мектеп»  КММ-де химия, биология, география пәні мұғалімдеріне арналған «Білім беру ресурстары арқылы пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру және STEM-сабақты жобалау» тақырыбында қалалық семинар өтті. Мақсаты: Білім берудегі сабақтастықты жүзеге асыру және оқуды қолдауға бағытталған ресустарды тиімді қолдану әдістерін жоспарлау бойынша  тәжірибе алмасу. Диалогтік алаңға қатысуға келген пән мұғалімдері химия пәнінен «Химияның негізгі стехиометриялық заңдары» тақырыбында өткен, биология пәнінен «ДНҚ-ның екі еселенуі» тақырыбында өткен, география пәнінен «Минералды ресурстарды өндіру және өңдеу орталықтары.  Отын ресурстары» тақырыбында өткен ашық сабақтарға қатысты. Ашық сабақ өткізген пән мұғалімдері: Закариянова А.К., Жуманова Б.А., Қызырханова Қ.Т. Сонымен қатар, семинар қонақтары мектепішілік «Eco-Life» үйірме клубы жұмысымен, география, биология, химия пәндері бойынша зерттеу жұмысын жүргізіп, қалалық, облыстық деңгейде өткен жобалар сайысынан жүлделі орын алған оқушылардың жұмыстарымен танысты. География пәні мұғалімі Раздыков С.Д., математика пәні мұғалімі Сейтказин Е.С., информатика пәні мұғалімі Жайлмысов Е.М. «Оқу мен оқытудағы сабақтастық және нәтиже» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді, пәнаралық байланысты жүзеге асырудың тиімді әдістерін ұсынып, тәжірибелерімен бөлісті. Қалалық білім беру бөлімінің әдіскері Капчикова Нұргүл Тлеубековна мен мектеп директоры Мухтарханова Раушан Абайкановна шеберлік сыныбына қатысқан мұғалімдермен сұхбаттасып, семинар бойынша рефлексия жүргізді.