«Құрметті азамат» атағы берілді

«Құрметті азамат» атағы берілді
Республика күні аясында қаламыздың әлеуметтік - экономикалық дамуына өзіндік үлес қосқан бір топ азаматқа «Тараз қаласының Құрметті азаматы» атағын қала әкімінің міндетін атқарушы Н.Қалдыбаев және қалалық мәслихат төрағасы К.Олжабай табыстады. 
 
Сонымен бірге осынау марапатқа ие болған жандарды құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. 
 
Шаһарымыздың «Құрметті азаматы» атанған ардагерлер қаламыздың дамуына қосқан үлесі мен ұзақ жылғы қажырлы еңбектерін бағалап отырған қала басшылығына ризашылықтарын білдіріп, ізгі тілектерін айтты.