
eGov.kz порталы арқылы зейнетақы аударымдары туралы анықтаманы алу өте оңай. Қызметті алу үшін қарапайым нұсқаулықты орындау жеткілікті:
- egov.kz порталында авторизациядан өтіңіз;
- басты бетте «Азаматтарға» → «Әлеуметтік қамтамасыз ету» → «Зейнетақымен қамтамасыз ету» бөлімін таңдаңыз;
- «Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу» қызметін таңдап, «Онлайн сұрау» батырмасын басыңыз;
- зейнетақы кезеңін көрсетіңіз;
- содан кейін тексеруге сұрау салуға қол қою қажет.
Қызмет көрсету нәтижесі 15 минут ішінде eGov.kz пайдаланушысының Жеке кабинетіне жіберіледі.