ҚҰСПАНКӨЛДЕ 83 ЖАСАР ӘЖЕ АЛҒАШ БОЛЫП ДАУЫС БЕРДІ

ҚҰСПАНКӨЛДЕ 83 ЖАСАР ӘЖЕ АЛҒАШ БОЛЫП ДАУЫС БЕРДІ
Шолақаңқаты ауылдық округі әкімінің сайлауына дауыс беруде Құспанкөл, Қарағанды елді мекендерінің де тұрғындары белсенділік танытты.
Атап айтсақ, сағат 15:00-ге дейін Құспанкөлде 145 сайлаушы тіркелген болса, соның 64,8 %- ы, яғни 95 тұрғын таңдауын жасап үлгерген.
- #323 сайлау учаскесіне сағат 8:50-де 83 жасар зейнеткер Тәтті Тасымбетова алғаш болып дауыс берді. 18 жасар жерлесіміз, медициналық колледж студенті Бердібек Еркін ең алғашқы рет сайлаушы атанды. Аталған тұрғындарға учаске атынан алғыс білдіріп, естелік сыйлық табыстадым, - деп ағынан жарылды #323 сайлау учаскесінің төрағасы Серік Қадыров.
Ал Қарағанды ауылында 44 сайлаушының 56,8%-ы, яғни 25 сайлаушы өз таңдауын жасады. Қарағандыда 66 жасар Өсехан Атакаев алғаш болып дауыс беріп, #322 сайлау учаскесі төрағасынан естелік сыйлыққа ие болды.
Айжан БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,
Сырым ауданы