Адам құқығы - басты назарда

Адам құқығы - басты назарда

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі ағымдағы жылдың маусым айында 3 топтағы мүгедектігі бар азаматша Қ. - ны жеке қабылдады.

Азаматша өз өтінішінде 2012-2015 жылдар аралығында оң көзінің көз түбіне жасалған хирургиялық операциядан соң, соқыр болғанын баяндады.

Сонымен қатар, ол денсаулығына және екінші көзінің көру қабілетінің нашарлағаны туралы шағымданды. Осыған байланысты ол тіркелген жері бойынша денсаулық сақтау органдарына бірнеше рет жүгінген, алайда оң нәтиже шықпаған. Сондай-ақ, базада ол туралы деректер болағандықтан, аумақтық департаменттің медициналық-әлеуметтік сараптамасы мүгедектікті қайта куәландыру туралы азаматшаның шағымын қанағаттандырудан бас тартқан.

Өкіл оның екінші немесе бірінші топтағы мүгедектікті тағайындауға жәрдемдесу туралы өтінішін қарап, азаматшаның конституциялық құқықтарын қорғау мақсатында пәрменді шараларға бастамашылық жасады. Өтініште баяндалған мән-жайлар бойынша тексеру жүргізу үшін Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасына сұрау салу жолдады.

Нәтижесінде медицина мамандары азаматша К.-ның денсаулық жағдайы туралы тиісті қорытынды шығарды. Аталған қорытындыны алғаннан кейін Адам құқықтары бойынша өкіл мүгедектікті қайта куәландыру туралы мәселеге бастамашылық жасады.

Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл нәтижесінде азаматша К-дан "үшінші" топтағы мүгедектік алынып, оған өмір бойы мерзімсіз "бірінші" мүгедектік тобы тағайындалды, оның құқықтары қалпына келтіріліп, өтініші қанағаттандырылды.