Шұжық басқа да тамақ өнімдері сияқты бірнеше сұрыпқа: жоғарғы, бірінші, сұрыпсыз және екінші сұрыпқа бөлінеді.
🔖Шұжықтың жоғарғы сұрыпының құрамында біріктіруші тіндер болмайды немесе бұл пайыз өте аз кездеседі;
🔖Бірінші сұрыптың құрамында 10-15% біріктіруші тіндер болады;
🔖Екінші сұрыптың құрамында 20-30% біріктіруші болады;
🔖Сұрыпсыз шұжықта 50%-ға дейін біріктіруші тіндер болуы мүмкін.
Сонымен қатар, шұжықтар еттен жасалған,құрамында еті бар, ет-өсімдікті деп бөлінеді.
Тағамдық қоспаларға басты назар аударған жөн. Олардың көмегімен дайындаушылар дәмдік сапа мен сыртқы түрін шеберлікпен пайдаланады, ал иіс шығарғыштардың көмегімен- шұжыққа керекті иіс береді.
Шұжық сатып алар алдында оның құрамын мұқият оқып шығу қажет. Шұжықта кез келген ет өнімдеріндегідей зиянды тағамдық қоспалардың мөлшері көп болуы мүмкін. Е-407( каррагинан), Е-250, Е-251 ( натрий нитриті),Е-252( калий нитраты), Е-621(натрий глутаматы) және мұндайдан хабары жоқ сатып алушыға түсініксіз тағамдық қоспалардың кодтары болуы мүмкін. Мұның бәрін өнімнің жапсырмасынан көруге болады.
Шұжықтың орамасы мен қабығына назар аударған жөн. Жаңа дайындалған шұжықтың қабығы ішіндегі етке тығыз жабысып тұрады. Ол құрғақ, созылмалы, кірлемеген, суланбаған және көгермеген болуы тиіс. Сыртқы жағын тексергенде дүмпию, дақтар, кедір-бұдырлар сияқты ақаулардың болмауы тиіс.
Ұстағанда сапалы шұжық қажетінше серпімді және қатты болуы керек, бірақ бастысы, кесілген түрде ол сынғыш болмауы керек- бұл крахмалдың аса көп болуының белгісі. Егер мүлдем жұмсақ болса, онда ол, бәлкім, негізінен еттен емес, өсімдік ақуызынан жасалған болар.
Қақталған шұжықтардың консистенциясы тығыз, пісірілген және жартылай қақталғандарда тығыздығы кемдеу, бірақ серпімді және борпылдақ емес болуы керек. Егер басып көргенде жұмсақ шұңқырлар қалмаса, яғни өнім жеткілікті кептірілген. Бос жерлер, сорпаның ағуы, тартылған еттің шығып тұруы сапалы шұжықтарда болмайды.
Сонымен қатар шұжықтың ашық қызғылт немесе қызыл реңі болмауы тиіс, мұндай түс бояғыштардың, нитриттердің және басқа да қоспалардың бар екендігін дәлелдейді. Егер шұжықтың кесілген жері борпылдақ, майлы,сұр болса – бұл бұзылған, тұрып қалған өнімді білдіреді. Жақсы шұжықтың кесіндісі әрдайым қызғылт, тегіс, үлкен саңылаулары жоқ және шпиктің кесінділері шамамен бірдей болады.
Егер өнімнің дәмі тартымды болып көрінсе және желінген бірнеше кесектен соң сіз тағы да жегіңіз келсе, бұл шұжықта қатты әсер ететін күшейткіштер көп екендігін білдіреді.