24 тамыз күні Семей қаласының №49 жалпы білім беретін мектеп базасында «2022-2023 оқу жылының қорытындысы және жаңа оқу жылына міндеттер» тақырыбындағы кеңейтілген алқа отырысы өтті.
Алқа отырысының күн тәртібінде «Абай облысы білім басқармасының 2023 жылғы қызметінің негізгі қорытындылары және 2024 жылға арналған міндеттері туралы», «Білім мазмұны және сапалы білім беру» мәселелері қаралды.
Отырысқа аудан (қала) әкімдерінің орынбасарлары, білім бөлімдерінің басшылары, әдістемелік кабинет әдіскерлері, мемлекеттік/жекеменшік мектепке дейінгі, орта, қосымша және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтері, ата-аналар кеңестерінің өкілдері, БАҚ өкілдері т.б. шақырылды.
Отырыс барысында , ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Дауенов Ернұр Нұрланұлы білім беру жүйесіндегі кітапханалардың жағдайы туралы ақпараттармен бөлісті.
Абай облысы білім басқармасының басшысы Ахметқалиев Нұржан Нығметоллаұлы білім басқармасының 2023 жылғы қызметінің қорытындылары мен алдағы кезеңге қойылған міндеттерді айтып, білім беру жүйесінің барлық көрсеткіштерін, мектепке дейінгі, орта және техникалық білім берудегі реформалардың нәтижелерін нақтылап, еліміздің болашағы үшін мақсатты жұмыс істеу қажеттігін ерекше атап өтті.
«М.Әуезов атындағы педагогикалық колледж» КММ директоры Шағангүл Алдамжарқызы Жанаева білім беру жүйесіндегі тиімді іс-тәжірибесімен бөлісіп, сөз сөйледі.
Алқа отырысын облыс әкімінің орынбасары Шалқар Заманбекұлы Байбеков қорытындылап, білім беру жүйесінің басты басымдықтарын белгілеп, аудан, қала әкімдеріне бірқатар тапсырмалар берді.