
ҚР ТЖМ Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Қызмет) 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, 2023 жылғы 24 мен 26 шілде аралығында Қызметтің жеке құрамы арасында 34 қызметкерді қамти отырып «2023 жылдың Үздік бөлімше командирі» атағына байқау-конкурс өткізілді.
Байқаудың мақсаты-кәсіби білім мен дағдылардың деңгейін арттыру, жауапкершілік сезімін дамыту, жеке құрамды оқыту және тәрбиелеу дағдыларын жетілдіру, басшының жеке қасиеттерін дамытуға ынталандыру, бөлімше командирінің дайындығы мен кәсіби дайындығына талдау жасау.
Байқау төрт кезеңде өткізілді:
I кезең-дене дайындығын бағалау;
II кезең - теориялық білімді бағалау;
III кезең - практикалық дағдыларды бағалау.
Алматы өртке қарсы қызмет гарнизонында «2023 жылдың Үздік бөлімше командирі» атағына конкурста Қызметтің №8 ӨСБ бөлімше командирі азаматтық қорғау аға сержанты Бақберген Жұмашұлы жеңімпаз атанды.