2023 жылғы қаңтар-маусымдағы Алматы қаласының демографиялық ахуалы туралы

2023 жылғы қаңтар-маусымдағы Алматы қаласының демографиялық ахуалы туралы

2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Алматы қаласы халық саны 2191,3 мың адамды құрады, оның ішінде ерлер саны – 1018,2 мың (46,5%), әйелдер саны – 1173,2 мың адам (53,5%). 2023 жылдың басымен салыстырғанда халық саны 29,4 мың адамға немесе 1,4% өсті.

2023 жылдың 6 айында 16993 адам туылды (2022 жылдың қаңтар-маусымда - 16999 адам), оның ішінде 8721 ұлдар, 8272 қыздар. Туу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 15,64. Көрсетілген мерзімде қайтыс болғанадар саны 5654 адам құрады, бұл ретте өлім коэффициенті 1000 адамға шаққанда – 5,20.  Халықтың табиғи өсімі 11339 адам құрады (2022 жылғы қаңтар-маусымда - 10794).

6 айда 1 жасқа дейінгі 87 (2022 жылғы қаңтар-маусымда – 135) нәресте өлімі тіркелді, нәресте өлімі коэффициенті 1000 туылғанға шаққанда 5,12 (2022 жылғы тиісті кезеңде – 7,94).

Халықтың табиғи қозғалысы

 

Қала аумағына 2023 жылғы қаңтар-маусымда республиканың басқа өңірлерінен, қиыр және таяу шет елдерінен 40,1 мың адам келіп, қаладан 22 мың адам кетті, 2022 жылмен салыстырғанда келгендердің саны 7,7%, кеткендердің саны 13,5% өсті. Көші-қон айырымы 18,1 мың адам құрады.

Көші-қон алмасу негізі ТМД мемлекеттерімен орын алып отыр. ТМД елдерінен келгендердің және осы елдерге кеткендердің үлесі тиісінше 82,2%-ды және 60,6% құрады.

Өңіраралық көші-қон ағымы аясында елдің басқа өңірлерінен келгендердің саны 2022 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 3,2%, ал кеткендердің саны – 17,7% көбейді.

Қала ішіндегі көші-қон 2023 жылдың қаңтар-маусым айында 2022 жылдың тиісті кезеңінен 2,9% өсті.

 

 

Әдіснамалық түсініктемелер

Халық саны - осы берілген уақыт мезетінде осы аумақта тұрып жатқан адамдар саны. Жыл басына ағымдағы бағалау - халық санағының соңғы қорытындысы негізінде есептеліп, оған сол аумақта туылғандары мен тұрақты тұрғылықты орынға келгендерінің саны жыл сайын қосылып отырады да, одан сол аумақта өлгендері мен тұрақты тұрғылықты орынға кеткендерінің саны шегеріледі.

 

www.gov.kz/almaty /Баспасөз орталығы / Жаңалықтар