Аскаридоз: белгілері және алдын алу шаралары

Аскаридоз: белгілері және алдын алу шаралары

Аскаридоз – Ascaris lumbricoides деп аталатын дөңгелек құрттар тудыратын паразиттік ауру. Аскаридалардың ересектері адамның жіңішке ішегінде, сонымен қатар тоқ ішекте, өт қабында және басқа органдарда болуы мүмкін. Гельминт жұмыртқалары қоршаған ортаның қолайсыз факторларына өте төзімді.

 

Инфекция көзі – науқас адам. Аскаридозды жұқтыру жолы фекалды-оралды.

Аскаридоздың берілу факторлары:

- домалақ құрт жұмыртқаларымен ластанған топырақ, көкөністер, жемістер және су;

- домалақ құрт жұмыртқаларымен ластанған қолдар, тұрмыстық заттар;

- шыбындар, механикалық тасымалдаушылар ретінде, тағамды дөңгелек құрттардың жұмыртқаларымен ластайды.

 

Аскаридоздың клиникалық көрінісі әртүрлі. Ауырдың белгiлерi оның фазасына – миграционды немесе ішек фазасына байланысты болады. Бастапқы миграционды фазасында ағзаның сенсибилизациясы теріде бөртпе, қышу, жөтел, дене температурасының жоғарылауы, ентігу, кейбір науқастарда астматикалық ұстамалар түрінде пайда болады. Ақырғы ішек фазасында гельминт ішекте паразиттік тіршілік етеді және оған келесі белгілер тән: жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, нәжістің бұзылуы (іш қату немесе іш өту), тәбеттің төмендеуі, салмақ жоғалту, мазасыз ұйқы (ұйықтағанда тістерді қайрау).

 

 Аскаридоздың салдары диагноздың дұрыстығына, асқынулардың болуы немесе болмауына байланысты. Ауруды емдемеген жағдайда ішектік бітеліс, аппендицит, холецистит, бауыр абсцессі, обтурациялық сарғаю, панкреатит сияқты асқынулар пайда болады.

 

 Аскаридозға күдік туындаған жағдайда тексерілу және тиісті ем алу үшін дәрігерге қаралу қажет.

 

 Аскаридоздың алдын алу мақсатында Алматы қаласының эпидемиологтары келесі ережелерді сақтауды ұсынады:

- көкөністерді, шөптерді, жемістер мен жидектерді таза суда мұқият жуу керек;

- абаттандырылмаған құдықтан немесе ашық су қоймаларынан суды ішу немесе шаруашылық қажеттіліктерге пайдаланған кезде оны қайнату керек;

- шыбындармен күресу, олардан тағамды қорғау;

- бақшаларда топырақты залалсыздандырылмаған нәжіспен тыңайтуға болмайды;

- тамақ ішер алдында және дәретханаға барғаннан кейін қолды жуу керек;

- күнделікті ылғалды тазалау жүргізу керек.