АУДАН ӘКІМІ АРМАН АБДУЛЛАЕВ: ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНА САЛҒЫРТ ҚАРАМАЙ, САПАЛЫ ЖӘНЕ МЕРЗІМІНДЕ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС

АУДАН  ӘКІМІ АРМАН АБДУЛЛАЕВ:  ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНА САЛҒЫРТ ҚАРАМАЙ, САПАЛЫ ЖӘНЕ   МЕРЗІМІНДЕ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
⚜️Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев жұмыс жоспарына сәйкес Жібек жолы ауылдық округіне арнайы барып, жол жөндеу жұмыстарының сапасын бақылап қайтты.
Жол жөндеу жұмыстарымен танысқан аудан әкімі Арман Абдуллаев мердігер мекеме өкіліне жол жөндеу жұмыстарына салғырт қарамай, сапалы мерзімінде орындауды, тиісті бөлім басшысына құрылыс барысын баяндап отыруды тапсырды.
Ағымдағы жылы аталған ауылдық округте жалпы 17,4 шақырым жолға орташа жөндеу және 1,5 шақырым жолға тас төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Айта кетсек, Жібек жолы елді мекеніне қарасты А.Ерназаров көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен қаржы бөлінген. Бүгінгі таңда, мердігер мекеме тарапынан аталған көшеге құбыр орнатылып, тас төсеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт төсеуге дайын тұр. Құрылыс жұмыстарын қыркүйек айында аяқтау жоспарлануда.
Сонымен қатар, Жаңақұрылыс елді мекеніндегі Ж.Әжібеков, Сарқырама елді мекеніндегі Т.Рысқұлов, Қарабау елді мекеніндегі Мансұров, Айбергенов, Жібек жолы елді мекеніндегі Жастар, Жаңатұрмыс елді мекенінен Амирханов, М.Ғабдуллин, Мәдәлі, Айнаходжаев, Байназаров, Сейтов, Самал, А.Алдияров көшелерін орташа жөндеуден өткізу үшін бюджеттен қаржы қаралып, жеңімпаз мердігер мекемені анықтау үшін мемлекеттік сатып алудың электрондық конкурсы өткізілуде. Жеңімпаз мердігер мекеме анықталған соң, құрылыс жұмыстары басталуы жоспарлануда.
Сондай-ақ, Зортөбе елді мекені, Жастар және Ардагерлер көшесіне тас төсеу жұмыстарына бюджет есебінен қаржы қаралып, бүгінгі таңда жеңімпаз мердігер мекемені анықтау үшін мемлекеттік сатып алудың электрондық конкурсы өткізілуде.
🔗Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі