19 шілде 2023 жылы Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Әдеп жөніндегі уәкіл Г. Н. Жакупбекова сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар ұғымы мен субъектілері туралы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы егжей-тегжейлі түсіндірме берді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жаңғыртуды, агенттіктің үш функциясының синергиясын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалардың төрт пакетін зерделеуге көңіл бөлінді.
Г.Н. Жакупбекова сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, білім беруді қалыптастыру тақырыптарын ашып, «комплаенс деген не» сұрағына тоқталды.
Бұдан әрі қызметкерлер жоғарыда аталған барлық тақырыптарды талқылап, сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілікті, сондай-ақ қылмыстық-құқықтық шараларды ерекше атап өтті.