Көші-қон қызметінің назарына «Алматы-1» теміржол вокзалында Тәжікстан азаматы ілікті.
«Тәжікстаннан келген 25 жастағы Ш.есімді азамат Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзған. Ол такси жүргізушісі болып жұмыс істеген, бірақ бұл дерек уақытша еңбек шартында көрсетілмеген. Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚбК-нің 517-бабының 5-бөлігімен хаттама толтырылды. Шетелдікті елден шығару мәселесін шешу үшін материал сотқа жіберілді. Сондай-ақ автокөлік иесі ҚР ӘҚбК-нің 519 бабы 1 бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, көлік құралын басқаруға құқығы жоқ адамға көлікті айдауға бергені үшін оған ҚР ӘҚбК-нің 612-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ал көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды», - деді, Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.
Полицияда, 19-25 маусым аралығында заңсыз жүрген шетелдіктерді анықтау, сондай-ақ заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу мақсатында қала аумағында «Нелегал» жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізілгенін еске салды.