ҚҰРБАН АЙТ - ҰЛЫҚ МЕЙРАМ

ҚҰРБАН АЙТ - ҰЛЫҚ МЕЙРАМ

Бүгін Құрбан айт мерекесі басталды. Құрбан айт мейрамы – мұсылман қауымының бейбітшілік, бірлік, адами құндылықтарды насихаттайтын басты мерекелерінің бірі. Мешітте жиналған жамағат айтулы мерекені уағыз тыңдаумен бас­тап, айт намазына тұрды. Имандылық шарасы одан әрі аудан әкімі Асқар Қазыбаевтың жамағатты Құрбан айт мерекесімен құттықтауына ұласты.
Намаз оқылған соң құрбан шалуға рұқсат берілсе, айтқа жиналған жұрт­шылық арнайы жайылған дастарханнан дәм татты. Онда аруақтарға Құран бағышталып, бата берілді.
Сондай-ақ мерекеде аудан жастары ұлттық спорт түрінен сайысқа түсті.