ҚАНДЫҒАШ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ҚАНДЫҒАШ ҚАЛАСЫНЫҢ  ТҰРҒЫНДАРЫМЕН  КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Аудандық мәдениет үйінде және №1 Қандыағаш қалалық орта мектебінде аудан әкімі мен Қандыағаш қаласы әкімінің 5 айда атқарылған жұмыстары туралы кездесуі өтті.

Кездесулерге мекеме, кәсіпорын ұжымдары, ардагерлер, жастар және қала тұрғындары қатысты. Жиын барысында Қандыағаш қаласының әкімі Талғат Өтемұратов 5 айда атқарылған жұмыстарға тоқталып, ақпарат берді.

Қала тұрғындары қаланы абаттандыру, тұрғын үйлердің аулаларын жаңарту және өзгеде өзекті мәселелер бойынша ұсыныстарын білдірді. Тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға Қандыағаш қаласының әкімі Талғат Өтемұратов жан-жақты жауап берді.

Кездесулерде сөз алған аудан басшысы Дархан Жанысханұлы аудан көлемінде атқарылатын жұмыстарға тоқталып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.