Отан Қорғаушы күні құтты болсын!

Отан Қорғаушы күні құтты болсын!

Бүгін Қазақстан Республикасында Отан қорғаушы күні аталып өтуде. Бұл мереке жас ұрпаққа Отанға қызмет етудің үлгісі ретінде батыр ата-бабаларымыздың ерліктерін бейнелейді.

Өз елінің әр азаматының қасиетті парызы мен шынайы патриотизмі Отанды қорғауда ерлік пен батылдық, ар-намыс пен адалдық танытуда көрініс табады.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі отандастарымызға бейбіт аспан, зор денсаулық, амандық, бақыт пен өркендеу тілейді!